{metadescription}
2 итті құтқармақ болған модель теңізге батып кетті

2 итті құтқармақ болған модель теңізге батып кетті

Бразилиялық модель Каролина Биттенкурт күйеуімен, екі күшегімен бірге дауылға тап болып, қаза тапты.

Дауыл Сан-Паулу штатында орналасқан Ильябела аралынан алыс емес жерде басталды. 37 жастағы Каролина күйеуімен бірге екі күшігін алып теңіз маңайында серуендеп қайтуға шыққан. Қайығымыз дауылға тап болады деп ойламаған. Қатты соққан жел мен толқындардың кесірінен иттері теңізге шайылып кетеді. Сол кезде Каролина оларды құтқару үшін, арттарынан секіреді. Өкінішке орай, Каролина табиғи апатқа қарсы күресте жеңіп шыға алмады. 

Каролинаның күйеуі Хорхе әйелінің артынан секіргенімен, оны құтқара алмады. Қатты толқындар оған Каролинаға жақындауға мүмкіндік бермеді. Ер адам жағаға үш сағат бойы жүзіп, құтқарушылардың көмегімен аман қалды. 

Модельдің суреттерінен иттерді қатты жақсы көргені және жақсы физикалық формада болғаны байқалады. Ойланбастан жануарлардың артынан неге секіргені осыдан түсінікті.  Каролинаның артынан 17 жастағы Изабель атты қызы қалды. Ал Хорхемен олар 2019 жылдың қаңтарында шаңырақ құрған. Екеуі қайғылы оқиға орын алмай тұрып бірнеше ай ғана бірге бақытты өмір сүрген.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.