Қостанай трассасында 6 көлік соқтығысты
1 мамыр күні Қостанай-Рудный тасжолында бірден алты автокөлік соқтығысты.
08:04 03.05.2019
Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қостанай-Рудный автожолында Audi, Lada Granta, Kia, Nissan, ВАЗ-2114 және ВАЗ-2106 көліктері соқтығысты. Айта кетерлігі автокөліктердің барлығы Рудный қаласына бара жатқан. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Көлік жүргізушілері арнайы медициналық сараптамадан өтті. Зардап шеккендер жоқ», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Алдын ала болжам бойынша, көліктер жолдың нашар көрінуінен соқтығысуы мүмкін. Себебі, жол жиегіндегі шөп жанып, аумақты түтін басқан. Ирина Беженарь жол-көлік оқиғасының нақты себептері кейінірек хабарланатынын айтты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!