Қазақстанның үш банкі біріктірілмек
Қазақстан қор биржасы (KASE) үш банк – Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan ерікті түрде қайта құрылатынын хабарлады.
08:40 03.05.2019
"Қайта құру "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)"АҚ мен "Capital Bank Kazakhstan"АҚ-ның "Tengri Bank"АҚ-ға қосылуы түрінде өтеді", - деп жазылған KASE сайтында жарияланған ақпаратта.
Шешім 31 мамырда акционерлердің бірлескен жалпы жиналысында қабылданады. Жиналыста акцияларды алмасу коэффициенті бекітіліп, оларды сатып алу тәртібі мен мерзімдері туралы мәселе шешілетін болады деп көрсетілген Қазақстан қор биржасының сайтында. Банктердің бірігуі ұйымдардың позициясын нығайтып, оның тиімділігін арттыруы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!