Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев Қазақстан президенттігіне ресми тіркелген алғашқы кандидат болды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өтетін мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін ресми тіркелген алғашқы кандидат болды.
10:49 03.05.2019
ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаның атап өтуінше, Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54 және 55-бабына сәйкес тиісті құжаттарын өткізген.
«Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың бәрі Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды. Олар барлық талапқа сай келеді», - деді ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина.
ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарында болуына байланысты тиісті куәлікті оның сенімді өкілі «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа табыс етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram