Рингке хиджабсыз шыққан боксшы қыз түрмеге қамалуы мүмкін
Ирандық боксшы әйел Садаф Хадем рингке хиджабсыз шыққаны үшін түрмеге қамалуы мүмкін.
11:55 03.05.2019
Сондай-ақ таяу шығыстың БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оның бапкері ер адам болғаны үшін де Садаф Хадем жазалануы мүмкін. Иранның әуесқой бокс федерациясы бұл кикілжіңге араласпауды жөн санаған екен.
Басшылықтың сөзінше, спортшы федерация мүшесі ретінде тіркелмеген, турнирге жеке тұлға ретінде қатысқан. Хадем – халықаралық турнирде жеңіске жеткен Иранның тұңғыш әйелі. Спортшы турнир өткен Францияда қалып қойып, саяси баспана сұрауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары