{metadescription}
Алдағы үш тәулікте күн лезде жылынады

Алдағы үш тәулікте күн лезде жылынады

Синоптиктер 4-6 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

"Қазақстанға жылжыған антициклон республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын мен күннің сууын тоқтатты. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, 6 мамырда күндізгі ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28 градус, оңтүстік және орталықта плюс 27-32 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Жауын-шашынның тоқтауымен мұнда ауа көктемгідей тез жылынады. Ал батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық фронттардың жылжуымен найзағаймен жаңбыр және найғазай кезінде желдің дауылды күшеюі күтіледі.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.