Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Танымал әнші жол апатына ұшырады
Ресейлік әнші Влад Топалов шіркеуден үйіне бара жатқан жолда апатқа түсті.
13:18 03.05.2019
Бұл туралы әртіс өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Таңертең шіркеуге барып келемін деп шештім. Таңғы сағат 05:00-те тұрып, шіркеуге бардым. Көңіл-күйім көтеріңкі болды. Қалаға барып, әуежайда әйелім мен баламды қарсы алмақ болдым. Бірақ жолдың 26-шы шақырымында апатқа түстім", - деп жазады әнші.
Топаловтың айтуынша, ол сағатына 115 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Соғылған машинаның алдына өзге көлік шыға келіпті. Жүргізушінің Топаловтың көлігіне соғылудан басқа амалы қалмаған.
"Жүргізуші – зейнеткер. Өзі қатты сасып қалды. Тіпті, жол полициясы қызметкерлері келгенде құжаттарды ол үшін толтыруға тура келді", - дейді әнші.
Влад Топалов 1985 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Сергей Лазаревпен бірге Smash дуэтінде ән айтты.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram