Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте бойжеткен университеттің жоғары қабатынан секіріп, мерт болды
Шымкентте бойжеткен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бесінші қабатынан секіріп, қайтыс болды.
16:03 03.05.2019
Бұл туралы қалалық Полция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова мәлімдеді. Әсел Сәденованың сөзінше, қайғылы оқиға түскі сағат 12-00-дер шамасында болған.
«Қазір осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді»,- дейді қалалық Полция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу шараларын жүргізіп, бойжеткеннің не себепті мұндай қадамға барғанын анықтап жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram