{metadescription}
ҚР Президенттігіне екінші кандидат ресми тіркелді

ҚР Президенттігіне екінші кандидат ресми тіркелді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Сәдібек Түгелді алдағы маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.

Бұл туралы отырыс барысында ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов мәлімдеді.

"Сәдібек Түгелді президент сайлауына кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың бәрі сайлау комиссиясына ұсынылды, әрі ол қойылатын талаптардың барлығына сәйкес келеді. Тиісті қаулы қабылданып, Сәдібек Түгел 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркелді, оған тиісті куәлік берілді", – деді Мелдешов.

Оның сөзінше, Қазақстанның 15 өңірінен кандидатты қолдайтын 122 102 азаматтың қолы жиналды, оның 120 085-і расталған қолдар деп танылды. Еске салайық, Сәдібек Түгелді «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі президенттікке кандидат ретінде ұсынған болатын. Сонымен қатар ол ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия алдында емтихан тапсырып, өзінің қазақ тілін еркін меңгергендігін дәлелдеген болатын.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде