{metadescription}
0:000:00

Таразда автобуспен соғысқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Таразда жолаушылар автобусы мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды.

Тараз қаласында 3 сәуір күні «ГАЗель-32214» маркалы жедел жәрдем көлігі және DONG FENG маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қазақ тапқандар жоқ. Автобустағы 1 жолаушы мен жедел жәрдем көлігіндегі 3 адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. 

Артынша Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бас миы шайқалған баланы жедел жәрдем көлігімен тасымалдау кезінде жедел жәрдем көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысқанын хабарлады.3 адам шұғыл медициналық көмек алу үшін жүгінген. Олар жарақат алып, сүйегі шығып кеткен. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Аталған дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.