{metadescription}
Алматы облысының тұрғыны үш ауылдасын пышақтап тастады

Алматы облысының тұрғыны үш ауылдасын пышақтап тастады

Тергеу мәліметі бойынша, Еңбекшіқазақ тұрғыны мас күйінде ауылдастарымен жанжалдасып қалған.

Алматы облысында мас күйінде үш ауылдасын пышақтап тастаған 38 жастағы ер адам ұсталды. Мамырдың 1-інен 2-сіне қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының полициясына үш ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар түседі. Малыбай ауылының тұрғындары жергілікті ауруханаға жеткізіліпті. Тәртіп сақшылары анықтағандай, оларды өз ауылдасы пышақтап тастаған екен.

Жедел іздеу шаралары барысында күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол мас күйінде жәбірленушілермен жанжалдасып қалған көрінеді.

«Бұл оқиға бойынша қылмыстық тергеу басталды, нәтижесінде ауыр қылмыстың мән-жайы белгілі болады», - деп мәлімет берді Алматы облысының полиция департаменті.

Күдікті қолданған ас үй пышағы заттай дерек ретінде тәркіленіп, істің материалдарына қосылған. Тергеу біткенше, ер адам аудандық полицияның уақытша ұстау абақтысында отырады.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.