Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Данияр Елеусінов Головкин үшін өз жекпе-жегінен бас тартты
Боксшы өзінің кәсіпқой бокстағы кездесуін 25 мамырда АҚШ-та өткізуі тиіс болатын.
14:38 04.05.2019
Данияр Елеусінов Әлем чемпионы, украиналық Александр Усик (16-12 КО) пен франциялық Карлос Такамның (36-5-1, 28 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі кезінде кездесу өткізуі тиіс еді. Алайда Рио олимпиадасы чемпионының командасы кездесуді шегерді.
Қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиевтің айтуынша, команда кездесуді Геннадий Головкиннің жекпе-жек кешінде ұйымдастыруды шешкен.
«Біз Даниярдың жекпе-жек өткізетін уақытын өзгертіп, 25 мамырдың орнына, 8 маусымда Геннадий Головкиннің бокс кешінде жекпе-жек өткізуді ұйғардық. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Ал қарсыласының есімін таяуда хабарлаймыз», - дейді Елеусіновтің менеджері Зия Әлиева.
Бұл Елеусіновтің кәсіби мансабындағы жетінші жекпе-жек болмақ. Ол бұған дейінгі 6 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram