{metadescription}
2 мотоцикл апатынан үш адам көз жұмды

2 мотоцикл апатынан үш адам көз жұмды

Соңғы екі тәулікте Қарағанды облысының жолдарында мотоциклмен жол апатына түскен 3 адам көз жұмды.

2 мотоцикл апатынан үш адам көз жұмды. «Қарағанды-Абай» автожолында Ақтас кентінен шыға берер жолда «KAWASAKI Ex500d» мотоциклінің 36 жастағы жүргізушісі рулге ие бола алмай, қарсы бағыттағы «BMW» көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды.

Сондай-ақ, 6 мамырда Шахтинск қаласында «Volkswagen Golf» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі «RACER» мотоциклімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан мотоцикл жүргізушісі мен оның 10 жасар жолаушысы да көз жұмған. Екі дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде