{metadescription}
Еуропалықтар өте көп тамақтанады

Еуропалықтар өте көп тамақтанады

Ғалымдар жақында жариялаған баяндамада Еуропа халықтарының әлемнің «жер ресурстарын» көп тұтынатыны айтылған. 

ВВС басылымының жазуынша, ғалымдар баяндамада еуропалықтардың көміртекті көп мөлшерде бөлетінін, тым көп тамақтанып, ағаш өнімдерін мөлшерден көп пайдаланатынын айтқан.

«WWF жасыл тобы мен Global Footprint Network баяндамасында еуропалықтар әлемдік жер ресурстардың жойылуына көп әсерін тигізіп жатқаны айтылған. Ұлыбритания үкіметі Еуропаның планетаға кері әсерін жою үшін алда келе жатқанын айтты», - деп жазады басылым.

Баяндамада жазылғандай, егер әлемде барлығы Еуроодақ тұрғыны секілді қоршаған ортаға әсер етсе, 10 мамыр күні адамдар бір жылда жаңартылатын табиғат ресурстарын бітіріп тастайтын еді. Сол себепті 10 мамыр Еуроодақтың Жерге соққысы күні деп аталады. Сарапшылар жыл соңына дейін еуропалықтар Жердің «табиғат капиталын» азайтатынын айтады.

«Ғалымдар анықтағандай, бүгінгі таңда Еуроодақ халқы ресурстарды бұл жердің экожүйесі қалпына келтіре алатын ресурстан екі есе көп мөлшерде тұтынады. Еуроодақ халқы әлем халқының 7%-ын құрағанмыен, Жердің 20% биосыйымдылығын қолданады»,- деп жазады басылым.

Өз кезегінде Еуроодақ әлемдік ресурстарды тиімді пайдалануға тырысып бағуда. Сол мақсатпен Еуроодақта «шеңбер экономика» қолға алынған. Яғни, ресурстар үздіксіз қолданылып, қайта өңделіп, қайта қолданылады.

«Еуропа кеңесінің президенті Дональд Тук Еуроодақ саммитінде Табиғатты қорғауға шақырды. Ол үшін ауылшаруашылық әдістерін өзгертіп, парниктік газдар қалдығын мүлдем болдырмау керектігін айтты. Сегіз мемлекет 2050  жылға дейін осы мақсатқа жету керектігін қолдады. Румыния мен Германия бұл келісімге қосылмады», - деп жазады басылым.   

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.