Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Журналистерге арналған конкурс жарияланды
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын жариялады.
14:14 13.05.2019
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қағидалары Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленген. Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады. Конкурс төрт номинациядан тұрады: «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы». Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады. Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды», - деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай Facebook парақшасында.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру алдын ала министрліктің сайтында орналастырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram