Мереке күндері 2 сәби мен бойжеткен терезеден құлап кетті
Мереке күндері Қазақстанда екі сәби мен бір бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті.
17:33 13.05.2019
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 мамыр күні Өскемендегі Қазақстан көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатынан кішкене қыз бала құлап, ауруханаға жеткізілген. 2015 жылғы бала сол күні ата-анасының қарауынсыз қалғаны анықталып отыр. Ал, 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылындағы он қабатты үйдің үшінші қабатынан 2001 жылы туған бойжеткен абайсызда құлап кетіп, ауруханаға жатқызылған.
Сондай-ақ, Қарағандыда Күзембаев көшесі бойындағы үйдің үшінші қабатындағы терезеден 2015 жылы туған бала құлап кетіп, көз жұмды. Төтенше оқиғаның алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!