{metadescription}
Шымкентте үйдің қабырғасы құлап, 2 адам қайтыс болды

Шымкентте үйдің қабырғасы құлап, 2 адам қайтыс болды

Шымкенттегі Абай ауданы "112 квартал" шағын ауданындағы ескі үйдің қабырғасы құлап, екі адам қайтыс болды.

Бұдан бөлек, тағы екі  жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға  кешкі  сағат 18:25- жеке нысанды бұзу кезінде орын алған. Төрт адам туыстарының ескі үйін бұзып жатқан кезде биіктігі үш метрге жуық баспананың қабырғасы құлап кеткен.

Шымкент қалалық 1-клиникалық ауруханасының кезекші дәрігері Ахметжан Керімбаев ескі үйдің астында қалып, жарақат алған екі адамның 10 мамырда ауруханаға түскенін айтты. Оның сөзінше, екеуінің де аяғы сынған. Травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігер жағдайын қалыпты деп бағалады. Оқиғаға байланысты полиция әзірге жауап бермеді.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде