{metadescription}
Қостанай облысында аттракцион кабиналары төңкеріліп қалды

Қостанай облысында аттракцион кабиналары төңкеріліп қалды

Рудныйда шайтан дөңгелегі аталатын аттракционның кабиналары төңкеріліп қалды.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Алайда құны 330 млн теңге болатын аттракцион 2 апта бұрын ғана іске қосылған екен. Видео кадрларынан аттракцион кабиналарының желмен тербеліп тұрғаны байқалады. Артынша кабиналар төңкеріліп, есіктері ашылып кетті. Бұл уақытта аттракцион сол күйі айналып тұрған. Абырой болғанда, сұмдық оқиға салдарынан ешкім зардап шекпепті. Бұл кезде аттракционда ешкім отырмаған.

Тұрғындар әу бастан бұл аттракционды орнатуға қарсы болған. Олар кішігірім қалада құны 330 млн теңге болатын аттракционды орнату ақшаны желге ұшырумен тең екенін айтқан. Алайда билік тұрғындардың сөзіне құлақ аспай, аттракционның қалаға туристерді тартатынын жеткізіпті. Осылайша, адамдарды қуантып, қазынаға ақша түсірмек болған. 

Ал құрылыс бөліміндегілер пікір білдіруден бас тартты. Аттракцион Санкт-Петербургтен сатып алынған. Ал оны қостанайлық «Алатау мемлекеттік құрылыс» компаниясы орнатыпты. Мердігер компания өкілі аттракцион жұмысшыларын кінәлап отыр. Айтуынша, аттракцион қауіпсіз. Қатты жел соққанда, жүйе автоматты түрде дабыл береді екен. Әрі қарай бәрі оператор мен техникалық жұмысшылардың әрекетіне байланысты, дейді. 

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде