{metadescription}
Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыларды шығармай, төбелесіп қалды

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыларды шығармай, төбелесіп қалды

Алматыда автобус жүргізушісі қоғамдық көліктегі жолаушыға тап берді.

Жолаушылар оқиғаны видеоға түсіріп алған. Оқиға №137 бағыттағы автобуста болған. Куәгердің сөзінше, жүргізуші бейәдеп мінез танытқан. Ол аялдамадан тоқтауын сұраған жолаушының сөзін елемей, екі аялдама өтіп кеткен. Тіпті, жолаушыны біраз уақыт бойы салоннан шығармай қойыпты. Артынша екеуі сөзге келіп, төбелесіп қалады. Алматылық әйел оқиғаның видеосын желіде жариялады. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

«Бүгін таңғы сағат 7:15-те №137 бағыттағы автобуста келе жатқанбыз. Дөрекі жүргізуші Қайрат ықшамауданында аялдамадан тоқтамай, екі аялдама өтіп кетті. Ол өз әрекетін «олар аялдама емес» деп түсіндірді. Алайда ол аялдамаларда, нақтырақ айтсам, «Мешіт» пен «КГС» аялдамаларында барлық бағыттағы автобустар тоқтайды», - деп жазды әйел Facebook желісінде. 

Өз кезегінде «Алматыэлектротранс» компаниясындағылар оқиғаны растап, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты. 

«Фактіні растаймыз. Қазіргі уақытта анықтап жатырмыз. Алайда жүргізушінікі дұрыс емес екені бірден көрініп тұр. Әзірге басқа ештеңе айта алмаймыз», - дейді компания басшысы Ризван Цинаев.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде