{metadescription}
«Air Astana» ұшағы апаттық жағдайда қонғанын жоққа шығарды

«Air Astana» ұшағы апаттық жағдайда қонғанын жоққа шығарды

«Air Astana»  әуе компаниясы өз ұшағының Мәскеудегі Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Азаматтық авиация комитеті «Air Astana» ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық қону жасады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдері «Air Astana» компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасап, ресейлік және қазақстандық БАҚ-та пайда болған апаттық қону туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді.

«16 мамыр күні Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша КС873 рейсімен ұшып шығуы тиіс ұшақ 40 минутқа кешікті. Оған «кейінге қалдыруға болатын жарамды дефект» себеп болған. Дегенмен, ол ақау ұшақты одан әрі эксплуатациялауға мүмкіндік берерлік деңгейде шағын болған», - деп мәлім етті «Air Astana» баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, пайда болған ақаудың әуе кемесін қолдануға мүмкіндік беретіні баса айтылды. Еске сала кетейік, осыдан бұрын Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшқан «Air Astana»  компаниясының ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонды деген ақпарат тараған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде