Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
Германия канцлері Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді.
12:36 17.05.2019
Бұл туралы Нидерланды премьері Марк Рюттемен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтқан. Меркель ханым 2021 жылы Германия министрлер кабинетінің басшылық қызметіндегі өкілеттілік мерзімі аяқталған соң, үлкен саясаттан кететінін және ешқандай саяси лауазымды қызметтерді атқармайтынын айтты.
"Қай жерде болмасын, ешқандай саяси қызмет атқаратын ойым жоқ",- деді Меркель.
Естеріңізде болса, 2018 жылы Ангела Меркель Христиан-демократиялық одағының басшысы қызметінен де өз еркімен кеткен болатын.
Дереккөз: Qamshy.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram