Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Анасына сақина сыйлағысы келген 9 жасар бала 82 мың теңгені тиынмен төледі
Қытайдың Линьсянь қаласында 9 жасар бала анасына сыйлық жасау үшін 1 500 юаньді (82 мың теңгеден аса) тиынмен төледі.
14:16 17.05.2019
Басылым мәліметінше, 12 мамырда Го Ифань анасына қуантқысы келіп, зергерлік дүкенге барған. Ол анасынан өзіне ұнаған сақинаны таңдауын сұрапты. Мұнан кейін 9 жасар бала рюкзагынан екі үлкен ақша жинайтын сандықшаны алып шығады.
Видеодан Ифаньнің сандықшаны сындырып, көп тиынды шашқаны байқалады. Сатушылар оның әрекетіне таңғалып, тиындарды санауға көмектесті. Анықталғандай, ол 1 500 юань (82 мың теңгеден аса) жинаған екен. Ифаньнің анасы ұлының әрекетіне қуанғанын айтты. Өз кезегінде 9 жасар бала анасына берген тәрбиесі үшін бұрыннан бері алғыс айтқысы келіп жүргенін жеткізді.
«Анам жанталасып жұмыс істейді. Оның әдемі әшекейі жоқ. Тәрбиелегенің үшін рахмет!» - дейді Ифань.
Ифань аталған соманы 2 жылдан аса уақыт жинаған екен. Ол сақинадан бөлек, әжесіне арнап алқа сатып алды.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram