Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Кейуана құтқарушының көз алдында суға батып кетті
Қытайдың Хэнань провинциясында кейуана құтқарушының көз алдында бассейнге батып кетті.
18:04 17.05.2019
Бұл кезде құтқарушы телефонына қарап жүрген екен. Құтқарушы суға батып бара жатқан 62 жастағы әйелден 9 метр қашық жерде болған. Алайда ол кейуанаға назар аудармапты. Ер адам телефонына қарап, бассейннің жанында жүрген.
Арада 10 минут өткеннен кейін сол жердегі адамдар оны көмекке шақырды. Кейуананы судан алып шыққанымен, ол қайтыс болып кеткен екен, деп хабарлайды Stan.kz.
Қайтыс болған әйелдің туыстары оның зейнетке шыққанына екі жыл болғанын және денсаулығы жақсы болғанын айтты. Жергілікті билік спорттық кешеннің бассейнге лицензиясы болмағанын анықтады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram