Ата-анасын іздеген бала 14 қабаттың ернеуіне шығып кеткен
Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Суцянь қаласында кішкентай бала 14-ші қабаттың балконының ернеуінде салбырап тұрып, мерт бола жаздады.
18:39 17.05.2019
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бала үйде жалғыз болған. Ол ата-анасын іздеп, көп қабатты үйдің балконының ернеуіне шығып кеткен. Ал, бала қатты дауыстап жыла бастағанда, оның дауысын төменгі қабатта тұратын көршілері естіп қалған.
Ол бірнеше рет баланы ұстап алуға тырысып еді, бірақ онысынан еш нәтиже шықпады. Сонда баланы түсіре алмайтынын түсінген ер адам жоқ дегенде оның жанында болып, тыныштандыру үшін баламен әңгімелесе бастады.
Сол кезде 14 қабаттың ернеуінде салбырап тұрған баланы көрген куәгерлер бұл оқиғаны дереу полицияға хабарлап, баланың ата-анасын шақыртты. Олар тез арада үйгелеріне жетіп, балкон ернеуінде тұрған баланы құтқарып алды.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!