Ақмола облысында жарыс кезінде мектеп оқушысы көз жұмды
Ақмола облысында әскери-спорттық ойындар бойынша жарыс кезінде 15 жастағы оқушы көз жұмды.
08:19 21.05.2019
Ақмола облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқиға 17 мамыр күні сағат 12:30-да Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойындар эстафетасын өткізу кезінде болған.
Жарысқа қатысушы 9 сынып оқушысы мәреге жетер жолда есінен танып, құлап қалған. Жасөспірімге облыстық емдеу-профилактикалық диспансерінің медициналық қызметкерлері бірден көмек көрсеткен. Кейін оны ауруханаға алып барғанымен, оқушы есін жимастан сағат 13:00 шамасында көз жұмған.
Қазіргі таңда Көкшетау қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізуде. Сонымен қатар, құқыққорғау органдары тарапынан да тергеу шаралары қолға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!