Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық жеңіл атлеттер Таиландта үшінші «алтын» алды
Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова «Thailand Open Track & Field 2019» халықаралық турнирінде алтыннан алқа тақты.
08:51 21.05.2019
Полина сырықпен секіруден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынады, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол 3,70 метрді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Айта кейік, бұған дейін Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) мен Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) аталған турнирде алтын медаль иеленген болатын.
Бангкок астанасында 18 мамыр күні басталған «hailand Open Track & Field 2019» турнирі 21 мамырға дейін жалғасады. Ашық чемпионатқа 17 мемлекет пен 4 кәсіби клуб қатысуда. Ел намысын қорғауға аттанған жеңіл атлеттер: Иван Иванов (ядро лақтыру, 21 мамыр), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру, 19 мамыр), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру, 19 мамыр), Полина Иванова (сырықпен секіру, 20 мамыр) Спортшылар жеңіл атлетиканың 22 түрінен сынға түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram