Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Кәсіпкер 400-ге тарта студенттің қарызын төлеп бермек
Америкалық миллиардер, филантроп Роберт Смит Атлантдағы Морхаус колледжі түлектерінің алдында сөйлеген сөзінде студенттердің қарызын төлеп беретінін айтты.
11:08 21.05.2019
Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.
"Осы елде тұрған сегіз атамның атынан көліктеріңізге аздаған жанармай құйып беруге бекініп отырмыз", - деді Смит.
Ол 396 түлектің жалпы алғанда шамамен 40 миллион доллар қарызын төлеп бермек. Колледж президенті Дэвид Томас миллиардердің әрекетін "азат ету" деп бағалады. Роберт Смит – Vista Equity Partners инвестициялық компаниясының негізін қалаушысы әрі директоры. 2019 жылғы Forbes-тегі ең бай америкалықтар тізімінде 355-орында тұрды.
Морхаус колледжінде өткен ғасырда АҚШ-тағы қара нәсілділер құқығы үшін күрескен Мартен Лютер Кинг оқыған. Оқу орнының студенттері - түгелдей афроамерикалықтар. Роберт Смит Морхауста доктор дәрежесін алған. Студенттер қарызы - АҚШ-тағы ең үлкен мәселелердің бірі. 2018 жылы мұндай қарыз көлемі 1,5 триллион долларға жетіп, соңғы он жыл ішінде екі есе өскен.
Дереккөз: azattyq.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram