Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жатын бөлме қабырғасынан 80 мыңға жуық тірі ара табылды
Испанияның Гранада қаласының тұрғындары жатын бөлмесінен 80 мыңға жуық тірі ара тапты.
15:16 21.05.2019
Ерлі-зайыптының сөзінше, екі жыл бойы жатын бөлмеден біртүрлі дыбыстарды естіген. Түнде әлдененің шуынан оянып кетіп, ұйықтай алмаған кездері де жиі болыпты. Ал осыдан үш ай бұрын бөлмедегі дыбыс бұрынғысынан да қатты шыға бастапты. Осыдан кейні ерлі-зайыпты үйіне омарташыны шақырған. Ер адам жатын бөлмені тексеріп, қабырғадан 80 мыңға жуық тірі араны тапқан.
«Ол жерде араның үлкен ұясы бар еді. Үй иелерінің олардың дыбысына қалай шыдап келгенін түсінбеймін. Мұндай жағдайда 2 жыл қалай өмір сүруге болады?» - дейді омарташы.
Араның ұясын тасымалдау бойынша маман Серхио Герреро күн жылынуының салдарынан аралардың белсенділігі артқанын түсіндірді. Оның сөзінше, үйдің жанында гүлдер өсіп тұрғандықтар, аралар осыншалықты көбейіп кеткен.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram