Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтауда 3 бала сатылатыны жайлы жарнама елді шошытты
OLX.kz сайтының сатылымдар бөлімінде Ақтауда үш бала сатылады деген жарнама пайда болды.
09:52 28.05.2019
Бұл туралы tumba.kz сайты жазды. Сайттың ақпаратына сүйенсек, хабарлама ұялы телефоннан 27 мамыр күні, 13:18-де салынған. Бірақ көрсетілген нөмір сөндірулі. Хабарламаны жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, сайттың редакциясына хабарлаған. Хабарламада үш бала арзан бағамен сатылатыны көрсетілген. Тіпті үш баланың суреті де салынған.
Полицейлердің болжамынша, аталмыш жазбаны Шымкент тұрғыны жариялаған. Іс насырға шауып бара жатқанда жүктеген азамат өзінің аккаунтын өшіріп тастады. Бірақ бұл кезде ҚР ҚК 12-бабы бойынша "Адам саудалау" айыбымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары басталып кеткен еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram