Атырауда жүкті әйел босанғаннан кейін көз жұмды
Атырау облыстық перинаталды орталықта 24 жастағы жүкті әйел қайтыс болды.
10:21 28.05.2019
Бұл жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мыңқұдық Құдабергенқызының айтуынша, дәрігерлер баланы операция арқылы анасының ішінен кесіп алған.
«Ол бізге 24 мамырда түскен. Ай-күні жеткен. 25 мамырда кесарево жасадық. Арада 4 сағат өткенде жағдайы нашарлай бастады. Біздің тәжірибелі дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін күресті. Алайда тек сәби ғана тірі қалды», – дейді бас дәрігер Қуаныш Нысанбаев.
Не себептен қайтыс болғаны зерттеу жұмыстарынан кейін анықталады.Қазіргі таңда сараптама қорытындысын күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!