Шымкентте көлік жүргізушісі 6 баланы қағып кетті
Шымкентте қаладағы автотұрақтардың бірінде «Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған балаларды қағып кеткен.
10:43 28.05.2019
Ведомствоның мәліметінше, 27 мамыр сағат 15.30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция тобының қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің 6 жасөспірім баланы қағып кеткенін анықтады.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 1 жасөспірім қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған 5 бала жеңіл жарақат алып, үйлеріне қайтарылды. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК-нің 345 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!