Бойжеткен терісіз сәбиді дүниеге әкелді
Ағылшындық Уоркшир графстволығында терісі жоқ ұл бала дүниеге келді.
11:40 28.05.2019
2018 жылдың 24 қарашасында 19 жастағы Джессика Кибблер тұңғышы Кайден Джейк Шаттокті жүктілігінің жетінші айында дүниеге әкелді. Жаңа туған шақалақтың салмағы небәрі 1,1 кг болған. Денесіндегі тері қабатының мөлшері 2 пайыз ғана болатын. Дәрігерлер жас ата-анаға баланың аман қалуы екіталай екенін ескертті.
"Дәрігерлер алғаш рет бізге Кайденді көрсеткенде, қып-қызыл шикі ет сияқты болатын", - дейді жас ана.
Дәрігерлер бір жарым ай бойы баланың күтіміне қарады. Терісі де аздап өсті. Осы уақыт аралығында бала киімсіз жалаңаш жатты. Оның терісіне тиіп кеткенде өте жағымсыздық әрі ауырсыну байқалатын. Ер бала туа бітті сепсис (қанның бұзылуы), некротикалық энтероколит (ішек ауруы), герпес, бронхиолит және тағы басқа дерттермен күресті. Мамыр айында балаға ота жасап, оң қолына жануардың терісін тікті. Әлі де алда 4 ота жасауы керек.
Джессика Кибблер жүктілік кезінде гидронефроз және бүйрек шеменімен ауырыпты. Босануға дейін үш ай бұрын Кибблер қансыралап, ауруханаға түскен. Жалпы қаралым кезінде дәрігерлер ұрықтан ешқандай ақау таппады. Олар сирек кездесетін аурудың себептерін таба алмауда. Қазір алты айлық Кайденнің денсаулығы жақсарып келеді. Салмағы 4,3 килограмм болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!