{metadescription}
Шекарашы суға батқан әйел мен баласын құтқарып қалды

Шекарашы суға батқан әйел мен баласын құтқарып қалды

Шекарашы суға батып бара жатқан жүкті әйел мен оның 5 жасар баласын құтқарып қалды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше Гайдай Сергей кезекшіліктен кейін Бидайық ауылындағы көл жағасына тынығуға барған. Көлге жақындағанда көпірдің үстінде судың бетіне шошына қарап ерсілі-қарсылы жүгіріп айқайлап жүрген екі кішкентай қыз баланы байқайды. Сол сәтте көпір астында әйел адамның судан бір батып, бір шығып жанталасып жатқанын көреді. 

«Сергей су астына сүңгіп, көлдің табанын қолымен сипалап жүріп баланы табады да, киімінен тартып, су бетіне алып шығады. Ана мен баланы жағаға жеткізген Сергей ес-түссіз жатқан 5 жасар Нұрәділге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін ғана бала есін жиды», - делінген хабарламада.

Кейін белгілі болғандай, ол екі адамның емес, үш адамның өмірін құтқарыпты. Құтқарылған әйел, Жетпісова Махаббат жүкті екен. Сергей ана мен баланы автокөлігіне отырғызып, медициналық бекетке алып барған.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде