Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбедегі моншалардың бірінде атыраулықтар бір-біріне оқ атты
Атырау тұрғындары Ақтөбеде бірнеше күн пәтер жалдап тұрған.
14:17 01.06.2019
Кейін ол үйден екі қару табылды. Атырау облысы тұрғындары Ақтөбедегі моншалардың бірінде атысты. Біреуінің басына оқ тиіп, бүгінде ауруханада жатыр. Жедел іздестіру кезінде Атырау облысынан келген екі азамат ұсталды.
Анықталғандай, атыс болған күнге дейін олар пәтер жалдап тұрған. Ол үйден табылған екі қарудың бірі Мақат ауданда ұрланған екен. Оқиға бойынша «адам өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Олардың неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram