{metadescription}
Алименттен қашқан әке қабірге жасырынып қалған

Алименттен қашқан әке қабірге жасырынып қалған

Борышкер әке зиратта жұмыс істейтін болып шықты.

Астрахан облысының тұрғыны алимент төлемеу үшін қабірге жасырынып қалған. Ер адамның қарызы 200 мың рубльден асыпты. Ұзақ уақыт алименттен қашқан ер адамға іздеу жарияланған. Сот приставы борышкер әкенің зиратта жұмыс істейтінін анықтап, жұмыс орнына барады.

Алыстан сот приставын көрген ер адам ұзақ ойланбай, қазылған қабірге көзін жұмып жата қойған. Бірақ, аты-жөнін атап шақырғаннан кейін, «өмірге қайта оралыпты». Кейін ол өзінің бұл әрекетін түсіндіруге мәжбүр болды. Ер адамның үстінен "Балаларды немесе еңбекке қабілетсіз ата-ананы асырауға ақша төлемеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.