{metadescription}
Ресей зауытындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 89 адамға жетті

Ресей зауытындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 89 адамға жетті

Төтенше оқиға салдарынан 450-ден аса ғимарат бүлінген

Ресейдің Дзержинск қаласында зауыттағы жарылыстардан зардап шеккендер саны 89 адамға жетті. Зардап шеккендердің 44-і – зауыт қызметкерлері, 45-і – іргелес аумақтың тұрғындары. 16 адам стационарда жатыр: біреуі ауыр халде, қалған 15 пациенттің беті бері қарап келеді, деп мәлімдеді өңір басшысы Глеб Никитин.

Шұғыл қызмет өкілі жарылыс салдарынан 450-ден астам ғимаратқа, соның ішіде 32 мектеп пен 55 балабақшаға зиян келгенін атап өтті. Айта кетсек, кеше Дзержинск қаласында тротил өндіретін цехта үш жарылыс болды. ТЖМ мәліметінше, жарылыс соңы өртке ұласып, 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Тергеу комитеті "Өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.