{metadescription}
Ғалымдар ерте өлімге әкеп соғатын азық-түлікті атады

Ғалымдар ерте өлімге әкеп соғатын азық-түлікті атады

Сарапшылар 105 мың еріктінің рационы мен денсаулығы туралы деректерді салыстырып, он жыл бойы жағдайын бақылап отырды.

Ғалымдар мезгілсіз көз жұму қаупін жоғарылататын азық-түліктерді атады. АҚШ, Бразилия және Испания ғалымдары анықтағандай, ағзаға ең қауіпті тағам – жоғары деңгейде өңделген өнімдер. Оларға өнеркәсіптік өңдеудің бірнеше кезеңінен өткен, құрамында қант, бояғыш, иістендіргіш, май мен тұз көп азық-түлік жатады.

Сарапшылар 105 мың еріктінің рационы мен денсаулығы туралы деректерді салыстырып, он жыл бойы жағдайын бақылап отырды. Белгілі болғадай, қатты өңделген тағамдарды пайдалану жүрек және қантамыр дертінің пайда болу қаупін 11–13 процентке арттырады. Сондай тамақты күнделікті төрт реттен көп жесе, мезгілсіз өлім қаупі 62 процентке жоғарылайды екен. Ал бір порциясы 18 процентке көбейтеді.

Ғалымдар ұн тағамдары, жартылай фабрикаттар, газдалған сусындар, жүгері қытырлағы, өңделген ет пен балық өнімдерін аз пайдалануға кеңес берді.

Дереккөз: sputniknews.kz



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.