{metadescription}
Ақтөбеде көлік жуушылар жарысып, апатқа ұшырады

Ақтөбеде көлік жуушылар жарысып, апатқа ұшырады

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам жарақат алды, олардың бірі – кәмелетке толмаған жолаушы. 

Ақтөбеде көлік жуу орталығының екі қызметкері бөтен біреулердің Toyota Camry және Hyundai автокөліктерімен жарысқан. Хобда тас жолында олар бір-бірімен соқтығысып, үшінші ВАЗ автокөлігін қағып кеткен.  

Апат салдарынан үш автокөлік қирап, 2 адам ауруханаға түсті. Олардың бірі Hyundai автокөлігін айдап әкеткен жүргізуші болса, екіншісі – "ВАЗ-да" отырған кәмелетке толмаған жолаушы.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы "Автокөлікті немесе басқа көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша іс қозғалды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.