Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бір топ журналисті трактор қағып кетті
Ростов облысында "Бизон-Трек-Шоу" тракторлар жарысы трагедиямен аяқтала жаздады.
12:15 03.06.2019
Ростов облысында "Бизон-Трек-Шоу" жарысы кезінде бір топ журналисті трактор қағып кетті. Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Онда бар жылдамдықпен келе жатқан трактор трассадан шығып кетіп, бір топ операторды соққаны көрінеді.
Ал олар жан-жаққа қашқан. "Российская газета" басылымының мәліметінше, үшінші нөмірдегі трактор жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Оқыс оқиға салдарынан операторлардың камерасы мен керек-жарақтары ғана бүлінді.
"Олар көзтартарлық кадр жасаймын деп, дүниенің бәрін ұмытып, дөңгелектің астына түсе жаздайды. Абырой болғанда соққыны сонда жатқан бір мая пішен жеңілдетті", - дейді байқауды ұйымдастырушы Сергей Суховенко.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram