Селден бір адам қаза тауып, жүздеген үйді су басты
Тәжікстанның бірнеше аймағында екі күнге созылған нөсер жауын салдарынан болған селден бір адам қаза тауып, жүздеген үйді су басты.
09:45 04.06.2019
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің хабарлауынша, 1 маусымда Рудаки ауданындағы Оби Шифо ауылында сел жүріп, 70-тен астам баспана бүлінген. Адам шығыны жоқ. Комитет мәліметіне қарағанда, Рудаки ауданында құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы жұмыс тобы аттанды.
Жексенбі, 2 маусымда Хатлон облысы Қорасан ауданындағы Мехнатобод ауылында нөсер жауын салдарынан таулы аймақтарда сел жүрді. Табиғат апаты салдарынан Бандар ауданының 18 жастағы тұрғыны Меъроджиддин Набиев қаза тапты. Бұл өңірде 18 баспана бүлінген, жолдар бұзылған.
Озоди радиосы оқырмандарының Қорасан ауданында түсірген видеосында үйлерді су басқаны бейнеленген. Гүлістан жамағатында нөсер салдарынан 400-ден астам тұрғын үй бүлінгені хабарланды. Тәжікстанның гидрометорталығы 3 маусымда нөсер жауын жауатынын ескертті. Республикада биыл сел, су тасқыны және басқа да табиғат апаттарынан 15 адам қаза тапты.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!