Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда зообақтағы арыстандарға тас лақтырған жігіттер жұртты ашуландырды
Қарағандыда хайуанаттар бағында арыстандарға тас лақтырған жігіттерді әкімшілік жауапқа тартпақ.
11:13 05.06.2019
Қазіргі уақытта олардың тұлғасы анықталып жатыр. Қарағандыдағы хайуанаттар бағында екі жігіттің арыстандарға тас лақтырып, торға саусағын тығып, жыртқыштарды ашуландырған видеосы тараған еді.
Тіпті, оларға өзге келушілердің ескертуі тосқауыл болмаған. Керісінше, оларды балағаттап, әрекеттерін жалғастырыпты. Оқиғадан кейін Қарағанды полициясы аталған фактіні «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша тіркеді
«Аталған факті Қарағанды қалалық полициясының Михайлов аудандық бөлімшесінде әкімшілік құқықбұзушылық белгілерімен Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта құқық бұзғандардың тұлғасы мен орнын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді полициядағылар.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram