Қызылордада жанармай бекетінде газ жарылып, бір бала күйіп қалды
Қызылордадағы жанармай құю бекетінің аумағында газ-ауа аралас қоспа жарылды.
13:40 05.06.2019
Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісінде ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.
«Қызылордадағы «Қызылорда-ГАЗ» ЖШС жанар-жағар май құю станциясының аумағында газ жарылды. Оқиға автобусқа жанармай құю кезінде орын алған. Соның салдарынан беті мен қолы күйіп кеткен2004 жылы туған Аманұлы есімді азамат ауруxанаға жеткізілді. Ол осы жанармай құю станциясының тұтынушысы. Азамат отандық газ баллонына тапсырыс беру үшін жанармай құю бекетінде кезекте тұрған», - деді Беккер.
Оның айтуынша, енді нормативтік құжаттарға сәйкес, жанар-жағар май станцияларында тұрмыстық газ баллонын толтыруға тыйым салынады.
«Тұрмыстық газ баллондарын автогаз құятын бекеттерде толтыруға тыйым салынған. Аталған газ бекетінде пайдалану ережелері жиі бұзылған болуы мүмкін, соның салдарынан осындай оқиға орын алып отыр. Қазір автокөлікте газ қолдану кеңінен таралып келеді, соған байланысты стационарлық станциялар орнату бойынша, газбен жүретін көліктердің жабдықталуы бойынша да түйткілдер бар», - деп қосты Беккер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!