{metadescription}
Тіс пастасын печенье ішіне салып қаңғыбасқа берген блогер сотталды

Тіс пастасын печенье ішіне салып қаңғыбасқа берген блогер сотталды

Қаңғыбасқа тіс жуғыш паста қосылған печенье беріп мазақ еткен блогер түрмеден бір-ақ шықты.

Испаниялық YouTube-блогер Кангуа Рен «Oreo» печеньесіндегі ақ түсті крем салмасын тіс пастасымен алмастырып, оны қаңғыбас ер адамға жегізген еді. Нәтижесінде ер адам өзін нашар сезінген. Сонымен қатар блогер үшінші видео түсіріп, онда бір күнін үйсіз-күйсіз ер адаммен бірге өткізбек болады.

Аталмыш жантүршігерлік оқға Испания елінде орын алған. Барселоналық сот блогердің «YouTube» каналын жауып, 1,5 жылға соттаған. Оның үстіне блогер қаңғыбасқа 22 300 доллар көлемінде ақша төлеуге мәжбүр болған. 

Десе де Кангуа Рен түрмеде бір күн де отырмауы мүмкін. Себебі Испания заңы зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысты алғаш рет жасағандар мен 2 жылдан аз уақытқа сотталғандарға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түріне алмастыруға мүмкіндік береді. Артынша өзіне қауіп төнгенін білген блогер қаңғыбасқа 300 еуро ( 120 мың теңгеден аса) беріп істі жаппақ болған.  Алайда ер адам одан бас тартады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.