{metadescription}
Темекі шеккен бойжеткенді ұшақтан түсіріп тастады

Темекі шеккен бойжеткенді ұшақтан түсіріп тастады

«Шереметьево-Нұр-Сұлтан» авиарейсіндегі ресейлік жолаушыны полицейлер әкімшілік құқық бұзғаны үшін ұшақтан түсіріп алды.

4 маусым күні ««Air Astana» авиакомпаниясының өкілі Шереметьево-Нұр-Сұлтан»  бағытындағы бортта әкімшілік құқық бұзған жолаушы бар екенін полицейлерге хабарлаған. Компания өкілі «Шереметьево-Нұр-Сұлтан» бағытындағы рейсте құқықбұзушының бар екенін хабарлаған. Тексеру кезінде көлік полицейлері 34 жастағы РФ азаматшасының бортта темекі шеккенін анықтаған.

Әуе кемесі командирінің құжаты бойынша әлгі әйел аталған рейстен түсірілген. Осыдан кейін оның үстінен әкімшілік құқық бұзу жөнінде хаттама толтырылып, 63 125 теңге айыппұл салынған. Департаменттің әкімшілік заңбұзушылықтар жөніндегі басқарма бастығы Жасұлан Байкеновтың айтуынша, осы жылы көлік полицейлері 26 мың адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 1894 адамның үстінен темекі шеккені үшін хаттама толтырылған.

«Әуе кемесінде ұшу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы салдарынан қатерлі жағдай туындаса, айыпкерге 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Немесе ол 15 тәулікке қамалады», - дейді полиция подполковнигі.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.