{metadescription}
Аналар жиынында бір топ әйел шу шығарды

Аналар жиынында бір топ әйел шу шығарды

6 маусым күні әлеуметтік желілерде баспасөз хабарламасы таратылды.

1 күн бұрын әлеуметтік желілерде баспасөз хабарламасы таратылған. Онда журналистермен көп балалы аналар арасында кездесу болатыны хабарланған. Көпбалалы отбасылар дау-дамайы әлі басылмады. Оқиға қалай болды?

Бір күн бұрын, 6 маусымда, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде баспасөз хабарламасы таратылды. Онда журналистер мен көп балалы аналардың кездесуі болады делінген. Баспасөз қағазындағы талаптардың кейбіреулері таң қалдырып, көптеген сұрақтар туғызған.

Әсіресе мына тармақтар ерсі көрінді:

- жаңа автокөлік сатып аларда әрбір балаға жеңілдік;

- Қазақстан, алыс және жақын шетелдерге теміржол немесе әуе билеттеріне жеңілдік;

- отбасы өмір сүретін тұрғын үй кешенін таңдау;

- 15 ш.м. бір адамға.

Баспасөз-конференциясы болып жатқан бөлмеде шамамен 30 адам болды: көбісі көп балалы аналар, ал журналистерге орын болмады. Ұйымдастырушылардың біреуі  баспасөз хабарламасының тізіміне енгізілмеген аналарды бөлмеден шығара бастады. Шақырылмаған әйелдер бірден кетіп қалғысы келмеді. Оның себебі кейінірек белгілі болды. Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Бақытты отбасы» бастамашыл тобының мүшесі, төрт баланың анасы Аида Букаева өз пікірін білдірді.

«Аналар мен балаларды лас саяси ойындарға араластыруы мені қатты ызаландырады. Біздің елімізде 4-5 ай ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. Мемлекеттің демеушілерден бөлек, балалар лагерьге, санаторийлерге барып жатыр. Осы айлар бойы бір күн тоқтаған жоқпыз. Кедейшілік шегінде болғандардың жағдайы жақсарды. Сайлау қарсаңында бір топ адам елімнің тұрақтылығы мен тыныштығына кедергі келтіргісі келеді. Балалардан және аналардан қолдарыңызды тартыңыздар», - деді.

Бұл әйел баспасөз-конференцияда күтпеген адамдардың тізіміне кірген, бірақ олар өз ойларын білдіру үшін қалды. Ал бөлме ішіндегі аналар кім деген сұраққа Аида Бұқаева:

«Әрбір ауданда аналардың жұмыс тобы бар. Біз бір-бірімізді білеміз. Егер бізге өзге ауданнан келген болса, мен оны қайта бағыттаймын. (....) 5 ай бойы бұл аналарды бірінші рет көруім», - деді.

Дереккөз: zakon.kz

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде