Қарағандыда кішкентай бала ваннадағы суға батып кетті
Қарағандыда ваннада шомылып жатқан бір жарым жасар бала суға батып кетті.
16:09 07.06.2019
1 жарым жасар қыз ваннаға тұншығып қайтыс болды. Полицейлер қазір тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ анасының ол уақытта қайда болғаны да анықталуда.
Қайғылы оқиға кезінде үйде баланың әкесі болған. Қарағандыда 30 жастағы ер адам бір жасар қызын су толтырылған ваннада жалғыз қалдырып, өзі асүйге кеткен. Осы кезде сәби суға батып кетіпті. Ер адам қайтып келгенде, қызының жансыз жатқанын көрген.
«Бұл факті ҚК-нің 141-бабы 2-бөлімі бойынша (Абайсызда бала өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау) тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары