Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада жұмыссыздарға тегін кәсіптік курстар жүргізіледі
Елордада жұмыссыздарға арналған тегін курстарға жазылу басталды.
16:43 07.06.2019
Сұранысқа ие арнайы мамандықтар тізімі бойынша тұрғындар үш ай оқып, шәкіртақы ала алады.
«Наубайшы», «аспаз», «кондитер», «тігінші», «тәрбиеші», «Анимация және бейнеграфика», «электр-газ дәнекерлеуші», «слесарь-сантехник», «кран машинисі», «маникюр шебері» сынды сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыссыздар тегін курстарға жазыла алады. Оқуды сәтті аяқтаған соң, жаңа біліктілік туралы куәлік беріледі және жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Оқу барысында 16 759 теңге шәкіртақы төленеді», - делінген ресми хабарламада.
«Астана» ӘКК арқылы кәсіпкерлікті дамыту аясында тұрмысы төмендерге қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, жыл сайын сауда павильондары үшін жер телімдерін жалға беру квотасы бар. Жыл сайын 15 жер телімі халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы аналарға еш конкурссыз бөлінеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram