Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ҰҚК граната мен автомат сатқан қылмыстық топты құрықтады
ҰҚК қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады.
17:14 07.06.2019
5 маусымда арнайы операция барысында Алматы мен облыстың алты тұрғыны ұсталды.
"Іздеу барысында 3 гранатомет, 2 "Калашников" мылтығы, 5 тапанша, 3 пистолет, сонымен қатар1400-ден астам түрлі калибрлі патрон тәркіленді", - деп хабарлады ҰҚК.
Сондай-ақ қамауға алынғандардың біреуінің тұрғылықты жерін тінту барысында, қару-жарақ жиналып, құрастырылатын жер табылды. Онда көптеген қару құралдары, тұтқалар, білікт тетіктері және басқа да заттар табылды. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері ЖСҚ (сельтретер, пневматикалық және т.б.) өндіру компоненттерін тәркіледі
"Осы топтың қызметіне қатысатын барлық адамдар, соның ішінде қылмыстық қаруды сатып алушыларға қатысты тергеу жүргізілуде", - деп қосты комитет.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram