{metadescription}
Қызылордада жол апатынан 2 адам көз жұмды

Қызылордада жол апатынан 2 адам көз жұмды

Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған.

Қызылорда облысында 7 маусымда жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды. Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған. «Mitsubishi Galant» маркалы автокөлік «Audi S4» маркалы автокөлікпен соқтығысып қалған. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды. 

«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның  мəн-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.