Сарыағашта ақша айырбастау орнынан 3 млн теңге ұрланды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында белгісіз біреулер түнгі уақытта ақша айырбастау орнын тонап кеткен.
11:38 08.06.2019
Ұрлыққа түскендер 3 миллион теңгеге жуық ақшаны алып, иесіне ірі мөлшердегі материалдық шығын келтірген. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сезіктілер ақша айырбастау орнының артқы есігін бұзып кіріп, қорапшаға салынған ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған, деп жазады ҚазАқпарат. Жедел іздестіру шараларының барысында ауданның тәртіп сақшылары бұл қылмыстың бетін ашты.
Бір күн ішінде күдіктілердің тұлғасын анықтап, қолға түсірген. Ұсталғандардың екеуі де жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында күдіктілер өздерінің кінәларын толық мойындап, айғақты зат ретінде олардан 250 мыңнан астам ақша тәркіленген.
«Жәбірленушінің арызы негізінде аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Күдіктілерге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылып, іс Сарыағаш аудандық сотына жолданды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!